Шетелдік компания әлем елдерін жан басына шаққандағы полицейлер санына қарай зерттеп шықты. Бұл тізімде Ресей - бірінші, Қазақстан - алтыншы орында.
Eurasia View шетелде пара алу ісіне қатысты басы дауға қалған Өзбекстан президентінің үлкен қызы Гүлнара Каримова әлеуметтік желінің көмегімен өзіне абырой жинап жатыр деп жазады.
Батыстық БАҚ-тың жазуынша, Қазақстан кеніш игерудегі қиындығы көп Қашаған жобасын жүзеге асыру үшін Қытаймен келіссөз жүргізуге мәжбүр.
АҚШ Конгресі Қазақстанда ядролық отын банкін салу жобасына қаржы бөлуді тоқтату туралы мәселе көтерді. АҚШ инвестициясының қалай жұмсалатынын білгісі келеді.
Бразилияның ірі қалаларында соңғы екі аптада 200 мың адам азық-түлік пен жолақының қымбаттауына, жемқорлықтың өсуіне наразы болып шеруге шықты.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Айсұлтанның үйленгелі жатқанын айтқан EurasiaNet.org сайты отбасы мүшелерінің қоғамдағы орны мен дәулетін де шолып өткен.
Батыс сарапшылары Түркияның шиеленісті аймақта орналасса да, экономикалық зор жетістіктерге жеткенін, бірақ бұл елде секуляризмнің орнын исламшылдық басып келе жатқанын жазады.
The Washington Times жариялаған америкалық сарапшының комментарийінде мұсылмандықты әсіре діншілдікпен тең көретін біржақты пікірлерге талдау жасалады.
Қытайдың қорғаныс саласына бөлетін қаржысы жыл сайын ұлғайып келеді. Бұл өзгерістерді жіті бақылап отырған АҚШ осыған алаңдай бастады.
Қазақстан Ұлыбританиядағы сот істерінің саны жөнінен көш басында тұр. Ағылшын әділет орындары «сотымыздың беделінің арқасында британиялық салық төлеушілерді жарылқауға болады» дейді.
Huffington Post-тың жазуынша, халықаралық күштер Асад режиміне қандай амал қолданарын білмей әрі-сәрі күй кешіп тұр, ал қақтығыс бүкіл аймаққа жайылып барады.
«Түркия басшысы Таяу Шығыста ықпалды геосаяси ойыншыға айналу арқылы Еуропаға сөзін өткізуді көздейді» дейді Stratfor сарапшылары.
Исламды жамылып қан төккенді Қазақстанда «қатты айыптайды». Бірақ Ресей, Қырғызстан, Қазақстан елдерінде экстремистерді ақтайтындар да бар болып шықты. Бұл - Pew орталығының зерттеу қорытындысы.
АҚШ мемлекеттік департаменті әлемдегі адам құқығы ахуалына арналған есебін жариялады. Қазақстан азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтамайтын ел ретінде аталған.
Тәжікстанда өзбек диаспорасының басшысы Салим Шамсиддиновтың жоғалып кеткеніне бір айдан асты. Сарапшылар "бұның астарында саяси себеп жатуы мүмкін" дейді.
Өзбекстан президенті Ислам Каримов Ресейге барған сапарында «НАТО Ауғанстаннан кеткен соң, аймақтағы тұрақтылық кепілі Ресей болады» деп мәлімдеді.
Грузия «ҚазТрансГазды» әлі қайтармағандықтан ол елдегі қазақ инвесторлары сақтық танытып, әліптің артын бағып отыр» деп жазады The Financial басылымы.
The Economist журналы Меккеде адасып кеткен адамның жол табуына көмектесетін ерекше техникалық әдіс ойлап табылғаны туралы мақала жариялады.
Eurasia Daily Monitor басылымы Қазақстанның террорға қарсы жаңа стратегиясы жасалғанын жазады. Ол бойынша, террормен күреске азаматтық қоғам өкілдері де қатысады.
АҚШ әскери басқармасы Орталық Азиядағы «сенімді әріптестерге» «кейбір барлау өнімдерін» беріп отырғанын мәлім етті. Ал сарапшы «барлаушылар ынтымағы авторитарлық режимдерді нығайтады» дейді.
Тағы