Шымкент қаласында Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 70 жылдық мерекесіне арналған «Мәңгілік даңқ» («Бессмертный полк») акциясы өтті. Оған қатысқан көпшілік соғыс жылдарында майданда шайқасқа қатысқан туыстарының портреттерін ұстап шықты. 9 мамыр 2015 жыл.
Шымкенттегі «Мәңгілік даңқ» шеруі

1
Шымкентте 9 мамыр күні екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Мәңігілік даңқ» шеруі өтті.

2
«Мәңгілік даңқ» шеруіне шымкенттіктер таңғы сағат сегізден бастап жиналды

3
«Мәңгілік даңқ» шеруіне қатысқан жүзден аса адам қолдарына соғыста майданға қатысқан туыстарының суреттерін ұстап шықты.

4
«Мәңгілік даңқ» шарасына қатысушылар қала көшелерімен жүріп өтті.

5
Бұдан соң Шымкенттегі Абай саябағындағы Даңқ мемориалы басында Отан қорғауға майданға аттанып, соғыста шейіт болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алу рәсімі өтті.

6
Шараға қатысқан соғыс ардагерлері, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі, Қазақтан парламенті депутаттары мен өзге адамдар Даңқ мемориалындағы мәңгілік алауға гүл қойды.

7
«Мәңгілік даңқ» шеруіне кәрі де, жас та қатысты.

8
«Мәңгілік даңқ» шеруінде екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ата-бабасының суретін ұстап шыққандар көп болды.

9
«Мәңгілік даңқ» шеруіне қатысушы жастар.